Павлодарда ауылшаруашылық жәрмеңкесіндегі бағаларды тексерді
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі тұрақты бақылауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Апта сайын «Jailau» фермерлер базарының аумағында тұрғындар азық-түлікті нарықтық бағадан төмен бағамен сатып ала алатын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Осы сенбіде өз өнімдерін Успен, Аққу және Тереңкөл аудандарының өндірушілері ұсынды.
Өнім бағасымен облыс әкімінің орынбасары Әйгерім Қабылтаева танысты.
– Ет өнімдерінен сиыр еті – 2100 теңгеден, жылқы еті – 2500 теңгеден, қой еті – 2100 теңгедегі бағамен ұсынылды. Төмендетілген бағамен сүт өнімдері – сүт, сүзбе, қаймақ және үй майы сатылды. Сондай-ақ, жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көкөніс өнімдерінен жаңа өнім әкелінді, – деп жазды ол өзінің «Instagram» парақшасында.
Жәрмеңкеде сатылатын өнімге тұрақты ветеринарлық және санитарлық бақылау жүргізіледі.
Осындай жәрмеңкелер сенбі күндері барлық аудандар мен Екібастұз («Халық» базары) және Ақсу («Ауыл базары») қалаларында ұйымдастырылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram