Павлодар облысы мәслихатының сайлауы бойынша AMANAT тізімі 70 пайызға жаңартылды

Павлодар облысы мәслихатының сайлауы бойынша AMANAT тізімі 70 пайызға жаңартылды

Павлодарда партияның облыстық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Конференцияда партиялық тізімдер және бір мандатты округтер бойынша сайланатын облыстық мәслихаттың сайлауына қатысатын партиядан кандидаттар анықталды. Сайлау заңнамасының талаптарын ескере отырып, кандидаттар тізімінің сандық және сапалық құрамын сақтау мақсатында ашық форматта ұсыныстар тыңдалып, талқылау жүргізілді.

- Партиялық тізімде 70 пайызға жуығы жаңа адамдар. Әйелдердің үлесі 30%-дан астам, 35 ​​жасқа дейінгі жастар – 20%-ға жуық. Орташа жас – 48 жас. Кәсіби бағыты бойынша тізімнің 25% кәсіпкерлер, 18,8% ауыл шаруашылығы, 12,5% денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдері, - деді партияның облыстық филиалында.

Сондай-ақ отырыс барысында ашық дауыс беру арқылы конференцияға қатысушылар «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезіне Павлодар облысынан делегаттарды сайлады.    

Партиялық тізімде Әлкей Марғұлан атындағы ППУ ректоры Жанбол Жилбаев, «Aksu INVEST GROUP» ЖШС құрылтайшысы, бизнес-жаттықтырушы Жәмилә Ерназарова, белгілі спортшы Дархан Жоламанов және т.б. сияқты өңірге белгілі өкілдер бар. 

Партиялық тізім:

Әбетжанов Дулат Ермекұлы, Айтжанова Динара Нұржанқызы, Акопян Гнель Мартиросович, Асылбеков Еламан Асылбекұлы, Әшімбетов Нұржан Кемерұлы, Байтенова Айзат Мұратқызы, Ботин Қуаныш Советұлы, Веретнов Игорь Викторович, Голубенко Виталий Сергеевич, Даумова Раушан Жұмабайқызы, Дүйсекенов Ренат Құсайынұлы, Дяк Аурика Георгиевна, Жилбаев Жанбол Октябрұлы, Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы, Касицин Александр Анатольевич, Кенжебекова Жамал Киянкиқызы, Костенко Олег Васильевич, Крук Олег Павлович, Құрманова Айзада Амангелдіқызы, Махмудов Махмуд Джафарұлы, Мерғалиев Дүйсен Армешұлы, Мухамедьярова Айнұр Аблайқызы, Поломорчук Борис Викторович, Сәдуақасов Серік Телманұлы, Сапарбекұлы Асылбек, Смаилов Рамиль Русланұлы, Соломкин Виталий Вячеславович, Сыздықов Сүлеймен Аманғазыұлы, Терентьев Александр Алексеевич, Теренченко Илья Сергеевич, Тұрлыбай Рахат Маратұлы, Оразбаев Сайлау Шаймарданұлы, Хамзина Аида Дүйсенбайқызы, Хамитов Мұрат Қабылжапарұлы, Чидунчи Ирина Юрьевна, Шабажанова Салтанат Қалиасқарқызы, Шахман Ертарғын Шахменұлы, Ерназарова Жәмилә Қайырғазықызы.

Фото: Константин Музалевский