17 наурызда Павлодар облысында тұман күтіледі
Күн ашық болады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.
Шығыстан, онтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы болады.
17 наурызда және 18 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.