Павлодарда аурухана аумағында көлік жанып кетті
Өрт сағат 20:15-те сөндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Ломов көшесі, 47/1 мекенжайы бойынша орналасқан №1 қалалық аурухананың аумағында 18 қазан күні сағат 19:43-те 2014 жылы шыққан УАЗ 462 шаруашылық автокөлігінің мотор бөлігінде өрт шыққан.
– Автокөлік толығымен өртеніп кетті. Салдарынан емдеу корпусы шамалы түтінденді, – деді басқармада.
Зардап шеккендер жоқ. Науқастарды эвакуациялау қажет болмады.