Павлодар облысындағы жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қаза тапты

Павлодар облысындағы жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аталған дерек бойынша облыстық полиция департаментінде қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала деректерге сәйкес, 19 желтоқсанда Ертіс елді мекенінде Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.