Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарға дауылды ескертуге байланысты сақтық шараларын сақтап, қажетсіз сапарлардан бас тарту ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 наурыз сағат 20:00-ден 12 наурыз сағат 20:00-ге дейін өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, 12 наурызда аймақта қар мен бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы 15–20 м/с, ал облыстың оңтүстігі мен батысында екпіні 23–28 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Павлодар қаласында да 12 наурызда қар мен бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады.