Павлодарда бірнеше көшеде электр энергиясы уақытша өшіріледі

Павлодарда бірнеше көшеде электр энергиясы уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Академик Шөкин көшесі, 1 және Академик Сәтбаев көшесі, 306 мекенжайларында электр энергиясы болмайды. Шектеу «Энергетик» шипажайы мен осы аумақта орналасқан бірқатар коммерциялық нысанға да әсер етеді.

Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Қамзин көшесі, 171/1, 190, 198, 199 және 212 мекенжайларында жарық өшіріледі. Сондай-ақ Гагарин – Семенченко – Амангелді – Ворушин көшелері аумағындағы жеке тұрғын үйлер электр энергиясынсыз қалады.

Сағат 13:30-дан 17:00-ге дейін Естай Бекмаханов көшесі, 157/7 және Қамзин көшесі, 49, 49/10, 51, 53, 53А, 53/9 мекенжайларында электр қуаты уақытша тоқтатылады. Бұл аумақта әкімшілік ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары орналасқан.