Павлодарда азық-түлік дүкенінен өрт шықты

Павлодарда азық-түлік дүкенінен өрт шықты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, таңертең Олжабай батыр көшесінде жеке тұрған бір қабатты азық түлік дүкені ғимаратында өрт шыққаны турлы хабарланған.

Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары үш сауда орнының отқа оранғаны және жалынның шатырдың ағаш құрылымдарына тарағаны анықтады.

— Өртті сөндіру үшін бес өрт оқпаны берілді. Қою түтін жағдайында газ түтінінен қорғау қызметінің үш буыны жұмыс істеді. Суды үздіксіз беру үшін автоцистерналар өрт гидрантына орнатылды, - дейді төтеншеліктер.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында жалын дер кезінде сөндіріліп, оттың әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

ТЖМ өңір тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады. Өрт белгілері байқалған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлау қажет.