Павлодарда асық атудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Павлодарда асық атудан Қазақстан чемпионаты өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Елдің үздік спортшылары «Бірлік» жекпе-жек сарайында өзара бақ сынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Асық спорты ұлттық федерациясының мәліметінше, жарыста еліміздің әр өңірінен келген спортшылар шеберліктерін көрсетіп, дәлдік пен ептілік бойынша сынға түседі.

Чемпионаттың басты мақсаты – ұлттық спорт түрін дамыту, асық атуға қызығушылықты арттыру және дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттау.

Спорттық дода Павлодар қаласындағы «Бірлік» жекпе-жек сарайында өтеді. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жарысты тамашалап, спортшыларға қолдау көрсетуге шақырады.