Жүздеген павлодарлық оқушы шеруге қатысты

Жүздеген павлодарлық оқушы шеруге қатысты
Фото: Константин Шелков

Онда сап түзеу мен адымдаудан бөлек, шаш үлгісі де маңызды рөл атқарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық жағалауда өткен сап түзеуге облыстың түкпір-түкпіріндегі білім беру мекемелерінен  350-ге жуық оқушы жиналды. Қазылар алқасы қатысушылардың сыртқы келбетіне, әскери үлгідегі шаштарына, құрамадағы командалардың орындалуына, әскери іс теориясын білуіне және үйлесімді ән айтуына баса назар аударды.

- Балалардан барлығын лайықты түрде армия деңгейінде өткізу талап етілді. Әсіресе, байқау Ұлы Жеңістің 79 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай өткізілді, - деді Ауған соғысы және жергілікті соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық қоры директорының орынбасары Төлеген Көкімбаев.  

Сондай-ақ, аталмыш жиынға Тереңкөл ауданынан келген қыздар да қатысты. Әскери мамандардың пікірінше, қыздардың бір бөлігі бірден бәсекелестіктен тыс қалды. 

Қорғаныс істері басқармасының тәрбие-идеологиялық жұмыс тобының бастығы Ораз Мырзалин ҚР Конституциясының 36 – бабы бойынша мемлекетті қорғау жынысына қарамастан әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін еске салды.

– Біздің міндетіміз – жастарда патриотизмді тәрбиелеу, өз елін, өз Отанын сүю және оны мүмкіндігінше қорғау, - деп қосты Ораз Мырзалин.

Көгілдір және құмды түстердің әдеттегі формасынан бөлек биыл Әскери-теңіз күштерінің қара формасы да көрініс тапты. 

– Теңіз жаяу әскерлері – элиталық әскер түрі. Ал бізде теңіз жаяу әскерлері аз, сол себепті біз оларды оқушы кезінен тәрбиелеуді жөн деп санадық, - дейді  Май ауданы орта мектебінің әскери қолбасшысы Думан Мұлтұқбаев.

Камуфляж киген оқушылар, беттерінде жауынгерлік бояуы бар, оқу автоматтарымен қаруланған Екібастұздың жиынтық командасы одан әрі қарай жүрді. Бұл оларға салтанатты шеруден өту кезінде бедел ұпайларын қосты. 

Нәтижесінде Екібастұз жауынгерлері Павлодар мен Ақсуды басып озып, бірінші орынды иеленді. 

Айта кетейік, аудандар арасында Успен ауданының командасы үздік деп танылды.