Павлодарда ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Жаңа басшы бұған дейін Астана қаласында жұмыс істеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақ басшысының өкімімен ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Сейдуманов Әлнұр Серікұлы тағайындалды.
Әлнұр Серікұлы 1987 жылы 29 сәуірде дүниеге келген. 2010 жылы Варшава университетін тәмамдады. Саясаттану магистрі дәрежесі бар.
2010-2015 жылдар аралығында Астана қаласының ішкі саясат басқармасында түрлі лауазымдарда, соның ішінде басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдарда еңбек етті, оның ішінде 2021 жылдан 2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Фото: Валерий Бугаев