Павлодар облысында апта бойы қар жауады
Аяздың беті қайтып, жылынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 26 ақпанда ауа температурасы -3...-8°С болады.
27 ақпанда облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздап қар жауады. Сынап бағанасы түнде -13...-18°С, күндіз -2...-7°С-ты көрсетеді.
28 ақпанда да қар жауады. Ауа температурасы түнде -12...-17°С болса, күндіз -2...-7°С болады.
29 ақпанда бұрқасын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -8...-13°С, ал күндіз -0...-5°С-ты көрсетеді.
Наурыздың алғашқы күнінде қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -9...-14°С, күндіз -2...-7°С болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14 метрге дейін жетеді.
2 наурызда түнде -10...-15°С, ал күндіз -3...-8°С болады.
3 наурызда да қар жауады. Сынап бағанасы түнде -10...-15°С, күндіз -3...-8°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыс бағытымен секундына 9-14 метрге дейін жетеді.