Павлодарда трамвай өткелдері жөнделеді

Павлодарда трамвай өткелдері жөнделеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол жабынының жайсыздығы қар ерігеннен кейін көрінуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков мәлімдеді.

– Жұмыс бабымен қаланы аралау барысында қала трамвай өткелдерінің жай-күйін тексердім. Қыс мезгілінен кейін олардың көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда. Жол жабыны тозған, кей жерлерде шөгу бар. Бұл тұрғындардың орынды наразылығын туғызып, жүргізушілер мен жолаушыларға қолайсыздық келтіруде, - деді шаһар басшысы.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі, жүргізушілердің жайлылығы үшін аталған жердегі кемшіліктер тез арада ретке келтірілмек. 

– Осыған байланысты қалалық қызметтерге жұмыс қарқынын күшейтіп, екі апта ішінде трамвай өткелдерін толық қалпына келтіруді тапсырдым. Әсіресе, жұмыс сапасы мен қауіпсіздікке ерекше мән берілуі тиіс, - деді ол.

Айта кетелік, жұмыстардың орындалу барысы тікелей қала әкімінің бақылауында болмақ.