Павлодарда өрт шыққан үйден үш бала құтқарылды

Павлодарда өрт шыққан үйден үш бала құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір адам уланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуірде сағат 18:17-де Желтоқсан көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шықты. 

– Қатты түтіннің салдарынан баспалдақ маршымен 12 адам эвакуацияланып, үш бала құтқару қалпақтары арқылы жану өнімдерімен уланудан құтқарылды, – делінген хабарламада. 

Өрттің таралуына жол берілмей, сағат 18:40-та сөндірілді. Көміртегі тотығымен уланған бір ер адам апаттар медицинасы орталығының бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызылды.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, пәтерде жалпы ауданы 18 шаршы метр аумағында жиһаз, тұрмыстық техника өртенді.