Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысанда жарық болмайды

Павлодарда бірқатар әлеуметтік нысанда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 наурыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • М. Жүсіп көшесі, 362 – «100 дорог» автомайлары, 364 – «Южный» дәмханасы, 382/5 – «Safi Market» сауда үйі, 384 – «Qymyzhana» дәмханасы, 427, 429 – «Идеал сервис» сауда компаниясы;
  • Ак. Сәтбаев көшесі, 336 – «McConKey» дәмханасы;
  • Рылеев көшесі, 13 – Естай атындағы мәдениет сарайы, 15;
  • Орджоникидзе көшесі, 39;
  • Генерал Бакиров – Амангелді – Орджоникидзе – Бестужев көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.