Павлодарда үздік бейнеролик түсірген жастарды бағалы сыйлық күтеді

Павлодарда үздік бейнеролик түсірген жастарды бағалы сыйлық күтеді
Фото: https://pixabay.com/

Өтінімдер 31 мамырға дейін қабылданады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ішкі саясат бөлімі «Мен бұл мамандықты неге таңдадым?» тақырыбы бойынша үздік бейнеролик байқауы басталғаны туралы жариялады. 

Байқаудың мақсаты – жастар арасында «Адал азамат», «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасының идеалдарын интеграциялау.  

– Конкурстық бейнероликтер таңдалған мамандық туралы қысқа әңгіме, еңбекке ынталандырған адамдар және өз мамандығының даму келешегін хабарлайтын,  жоғары сапалы HD форматында қабылданады, – дейді ұйымдастырушылар. 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарпен марапатталады. 

Толық ақпарат инстаграм желісіндегі @kenzhekolzhastary парақшасында орналастырылған және +7 705 768 18 50  WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.