Павлодарда екі күн бойы бірқатар тұрғын үй сусыз қалады
Екі күн бойы қаладағы бірнеше көшеде су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 қарашада Академик Бектұров пен Едіге би көшелерінің қиылысында су құбыры жөнделеді. Осыған байланысты сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін бірқатар мекенжайда су беру уақытша тоқтатылады.
Атап айтқанда, Едіге би көшесіндегі 61, 61а, 61/2, 65, 76 және Академик Бектұров көшесіндегі 12, 14, 16, 23, 27-үйлер сусыз қалады.
Ал 19 қарашада Торайғыров көшесі, 62 мекенжайында су құбырын ауыстыру жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су болмайды.
Олжабай батыр көшесіндегі 52, 58, 60, 60/2, 62 және Торайғыров көшесіндегі 62, 62/2 корпус, 64/1, 64, 66, 68, 68/2, 70, 70/1, 70/2, 70/3, 72/1, 72, 74/1 мекенжайларында су уақытша тоқтатылады.
Сонымен қатар Назарбаев даңғылындағы 2-үй де сусыз қалады.
Коммуналдық қызмет өкілдері жөндеу жұмыстары сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталғанын хабарлап, тұрғындарға қажетті су қорын алдын ала жинап қоюды ұсынды.