«Қазақстан алюминийі» АҚ тәуелсіз аудиторлар тексерді

«Қазақстан алюминийі» АҚ тәуелсіз аудиторлар тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Компанияның арнайы мақсаттағы қаржылық есептілігіне аудит жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазақстан алюминийі» АҚ Халықаралық аудит стандарттарына (ХАС) сәйкес тексерілген болатын. 

Компания ХҚЕС бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес 2023 жылдың 31 желтоқсаны аяқталған жылға қаржылық есептілігін дайындады. Ол есептілік бойынша 2024 жылдың 20 мамырда компания aкционерге және директорлар кеңесіне арналған тәуелсіз аудитордың жеке аудиторлық есебі шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан алюминийі» АҚ – металлургия және тау-кен өндіру салаларында ұсынылған компания. Оның негізгі қызметі металлургиялық алюминий тотығы мен онымен байланысты өнімдерді алу үшін минералды шикізатты өндірумен және кешенді өңдеумен байланысты.

Файлдар