Успен ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық талқыланды

Успен ауданында көктемгі дала жұмыстарына дайындық талқыланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Атамекен» өңірлік палатасының бірлескен кеңесі өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Оған Успен ауданының әкімі Нұрболат Мақашев және қаржы институттары қатысты.  

Шаруалар мен билік 2025 жылы көктемгі дала жұмыстарына дайындық пен ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларын талқылады. Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаев өңірлік кәсіпкерлер палатасы ауылдардағы бизнеске қандай қолдау көрсете алатыны және палатаның 2024 жылы жүргізген жұмысы туралы айтып берді.

Агроөнеркәсіптік секторды дамыту барысы туралы Успен ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Кристина Ысқақова баяндады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлеген Көшербаев егістік алқаптарында көктемгі жұмыстарды жүргізуге дайындық және АӨК мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Техниканы алу үшін несие беру шарттарын «ҚазАгроҚаржы» АҚ облыстық филиалының директоры Байсал Алпысбай, ІҚБ несие беру бағдарламаларын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өңірлік филиалының директоры Ардақ Таңжарық түсіндірді.

«Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Ерлан Тоқтышақов пен Шығыс Қазақстан облысынан келген ауыл шаруашылығы тәжірибесі станциясының коммерцияландыру бөлімінің бастығы Бақытжан Төлегенов шаруалардың тілектері туралы жеткізді.

«БИК» ШҚ басшысы Қуаныш Баймағамбетов картоп бағасының көтерілгені туралы айтып, оны арзандату болжамын сұрады. 

«Степанищев» ШҚ басшысы лизинг үшін сыйақы мөлшерлемесі тым жоғары екеніне шағымданды. 

– Аграршылар өздеріне тиесілі мемлекеттік субсидияларды кеш алады. Бұл олардың лизингті кешіктіріп төлеуіне әкеледі, сондықтан өсімақылар мен айыппұлдар өседі, – деді ол.

Барлық көтерілген сұрақтар бойынша билік өкілдері түсініктеме берді.