Павлодарда бір көшенің бойындағы үйлер сусыз қалады
Жаңадан салынған су құбырын қайта қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш жұмыстар 21 қазан күні Малайсары көшесімен Архангельский көшесінен Российский көшесіне дейін жүргізіледі.
Осыған орай сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Украинский көшесінде Малайсары батыр көшесінен Аймауытов көшесіне дейін сумен қамту тоқтатылады.
Ведомство тұрғындардан су қорын жинап қоюды сұрайды.