Павлодарда жарық үшін төлем қабылдау пункттері демалыс күндері жұмыс істемейді
Техникалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, төлемдерді «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Astana Plat» ЖШС төлем терминалдары мобильді қосымшалар арқылы жүргізуге болады:
Жеке кәсіпкерлер компанияның қызметтері үшін төлемдерді «Kaspi Bank» АҚ (Kaspi.kz) мобильді қосымшасы, деректемелер бойынша Kaspi Pay мобильді қосымшасы арқылы жүргізе алады.