Павлодарда Бірыңғай есеп айырысу орталығының жұмыс кестесі өзгерді
7 наурыз күні абоненттік бөлім мен касса қысқартылған режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының Бірыңғай есеп айырысу орталығы абоненттерге жұмыс кестесінің өзгергені туралы хабарлады. 7 наурыз күні орталықтың абоненттік бөлімі мен кассасы сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 8 және 9 наурыз күндері мерекеге байланысты демалыс болады.