Павлодарда биік жардан құлаған екі балаға көмек көрсетілді

Павлодарда биік жардан құлаған екі балаға көмек көрсетілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жардың тереңдігі 18-20 метрді құрайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі бала 23 тамызда сағат 13.40-та теміржол көпірінің маңында тік жардан құлап, өздігінен тұра алмағаны туралы хабарлама түскен. 

– Құтқарушылар дереу жедел құтқару автокөлігімен және өзен бойындағы су көлігімен жолға шықты. Альпинистік жабдықтың көмегімен екі баланы жоғарыға көтеріп, 103 қызметінің мамандарына тапсырды, – деді департаментте. 

Құтқару операциясына ведомствоның алты қызметкері қатысты.  

Құтқарушылар тұрғындарды балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады және су қоймасының маңында қараусыз қалдырмау жайлы ескертеді.