Павлодарда оннан астам тұрғылықты жері жоқ адам қабылдағыш-таратқышқа жеткізілді

Павлодарда оннан астам тұрғылықты жері жоқ адам қабылдағыш-таратқышқа жеткізілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар көп жиналатын жерлерде рейд өткізуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы полицейлер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 1447 адамды жеткізген.  2024 жылдың басынан бастап 90 адам жеткізілді, оның ішінде Павлодар қаласы полиция басқармасы қабылдағыш-таратқышына белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 33 адам орналастырылды. 

– Тек өткен тәулікте құқық қорғау органдары 13 адамды жеткізді. Сондай-ақ, адамдар Павлодар қаласының өмірлік қиын жағдайына тап болған адамдар үшін қайта әлеуметтендіру орталығына жеткізіледі, – деп хабарлады Павлодар қаласы полиция басқармасы қабылдау-орналастыру бастығының орынбасары Асылбек  Қайырбаев.    

Әртүрлі себептермен барлық туыстық байланыстарын жоғалтқан және баспанасы жоқ адамдар аязда жылыну үшін иесіз құрылыстардан, құдықтардан, жылу тораптарынан, көп қабатты үйлердің жертөлелерінен жылу мен баспана іздейді, бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Себебі, жазатайым оқиғалар, өрт болуы немесе күйіп қалуы мүмкін. Егер бұл адамдар аязда көшеде қалса, үсіп қалу ықтималдығы жоғары.