Кемеңгер ауылында төрт мамандық бойынша оқу орталығы ашылады

Кемеңгер ауылында төрт мамандық бойынша оқу орталығы ашылады
Суретті облыстық кәсіпкерлер палатасы ұсынды

Ұлттық палатаның регламентіне сәйкес барлық қажетті құжаттар ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы жұмыс тобы «Ертіс» аграрлық колледжінің базасында оқу орталығын құру мүмкіндігін қарастырды.

Материалдық-техникалық базамен танысу үшін Кемеңгер ауылындағы оқу орнына облыстық «Атамекен» палатасының техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша білім беру ұйымдарын кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және біліктілігін беру жөніндегі білім беру ұйымдарының тізіліміне енгізу жөніндегі жұмыс тобы шықты.

– Топ ауыл шаруашылығы техникасының тракторшы-машинисі, жануарларды қолдан ұрықтандыру операторы, жануарларды ветеринарлық өңдеу операторы және бухгалтер-кассир мамандықтары бойынша жұмыссыздар үшін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру бойынша оқу орталығын ашу мүмкіндігін қарастырды, – дейді палатаның директоры Ерқанат Әбенов.

Топ құрамына өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

–  Қазіргі бизнесте жұмысшы мамандықтары бойынша көптеген бос жұмыс орындары болуы мүмкін, бірақ кәсіби дағдыларсыз жұмысқа орналасу мүмкін емес. Сондықтан білікті мамандарды даярлау мәселесін біз кәсіпорындар қысқа мерзімде өздері үшін кадрлар дербес дайындай алуы үшін бейіні бойынша колледжде және кәсіпорындарда оқу орталықтарын ашуды мемлекеттік қолдау құралы арқылы шешеміз, – деп атап өтті ол.

Ұлттық палатаның регламентіне сәйкес барлық қажетті құжаттар ұсынылды.