Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Ак. Шөкин көшесі, 25 мекенжайында электр қуаты сөндіріледі.
Сағат 8:30-дан 17:00-ге дейін:
- Батурин көшесі, 2 – «Сәтті» мейрамханасы;
- Потапов көшесі, 7 – Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы;
- Ледовский, Арғынбаев, Батурин, Костылецкий, Малахов, Химиктер, Майский, Потапов, Саматов, Баймұратов, Баян батыр, Линейный, Қазыбек көшелері бойындағы тұрғын үйлер.