Павлодарда бірқатар үйлер мен нысандарда электр өшіріледі

Павлодарда  бірқатар үйлер мен нысандарда электр өшіріледі

24 сәуір - 28 сәуір аралығында «Қалалық электр желілері кәсіпорны» АҚ трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеуден өткізбек, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Сағат 09:00 – 17:00 аралығында КазПравда көшесіндегі  НТМ жанармай құю станциясында, Н.Назарбаев көшесі, 284, 282/7, Мұқағали Мақатаев к-сі, 37, Усолка к-сі, 60, 62 көшелерінде  жөндеу жұмыстарына байланысты электр қуаты  сөндіріледі. 

25 сәуір күні  сағат 09:00 – 17:00 арасында  Малайсары батыр көшесі, 77/4, 79/1 мекенжайларында,  сол күні сағат 09:00 – 16:00 арасында Ленинградская көшесі, 43/1, Елгин, 57, 60, Ленинградская - Барнауыл - Щедрин көшелерінде, сағат 09:00 – 13:00  аралығында Лермонтов көшесі, 46,  46/1,  48, 50, Ак.Сәтбаев көшесі, 21, 21/1, 27,  29,  29/1,  мекенжайлары бойынша электр қуаты  уақытша ажыратылады. 

26 сәуір күні сағат 09:00 – 17:00 аралығында Ломов көшесі, 47/1, 47, Нұркин көшесі, 29, 29 Ноябрь көшесі, 2, Луначарский көшесі, 9/8, 9/1, 7, 1, 29 Ноябрь  – Луначарский көшелерінде, 27 күні сағат 09:00 – 17:00 аралығында Ломов көшесі, 47, 47/1, Нұркин көшесі, 29 мекенжайларында, 28 сәуір күні сағат 09:00 – 17:00 аралығында Астана көшесі, 59, 57, Лермонтов көшесі, 3, 1/5, Ак.Сәтбаев көшесі, 42  мекенжайларында электр өшіріледі. 

Сағат 12:00-ге дейін Достық көшесі, 31-51, Шашкин көшесі, 1-30, 31-55, Пішембаев - Проектная - Алексеев – Естай көшелеріндегі тұрғын үйлерде электр қуаты  өшіріледі.