Кенжекөлде келесі жылы жолдарға асфальт төселеді
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков жұмыс сапары барысында Кенжекөл ауылының бірінші жеке тұрғын үй құрылысы шағын ауданына барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Тұрғындар жарықтандыру, жолдарды жөндеу, электрмен жабдықтау және басқа да мәселелерді көтерді. Бұл шағын аудандағы жол инфрақұрылымы мәселесі өзекті. Ағымдағы жылы ең проблемалы учаскелерге қиыршықтас төсейміз. Ал келесі жылға жолдарды асфальттауды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімі.
Сонымен қатар, Хасар Хабылбеков ауыл әкіміне тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімімен бірлесіп, ауылдық жолдарда жасанды жол кедергісін орнату және жарықтандыру мәселелерін пысықтауды тапсырып, қалған мәселелер бойынша түсініктеме берді.