Павлодарда шілдеге дейін 80 балалар алаңы орнатылады

Павлодарда шілдеге дейін 80 балалар алаңы орнатылады
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық элементтер жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Асайын Байханов облыс орталығын аралау кезінде абаттандыру жұмыстарын қандай деңгейде жүргізіліп жатқанын тексерді. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Амановтың айтуынша, биыл 80 балалар алаңын орнату бойынша жұмыстар көзделген. Бүгінде 40 алаңның негізі құйылып, 12-де элементтер орнатылды. Алаңдарда тартан жабыны төселіп, аумағы қоршалатын болады. Барлық жұмыстар 10 шілдеге дейін аяқталады.

–  2021 жылы талдау жасаған кезде 600 ауланың 420-сы абаттандырылмаған еді. Былтыр 150 аула ретке келтірілді. Енді тағы 100 аула қалып отыр,– деді Асайын Байханов. – Жұмыстардың қарқыны жаман емес. Жазғы уақытта балалар үшін жағдай жасалады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепция аясында билік халыққа жақын болу керек. Бұл – біздің жұмысымыз. Біз тұрғындардың қамын ойлау керекпіз.

Мысалы, Айманов көшесі, 31 мекенжайында абаттандыру жұмыстары аяқталды. Облыс әкімі аталмыш аулаға барып, тұрғындарды ашылған балалар алаңымен құттықтады. Кішкентай тұрғындар үшін ойын-сауық бағдарлама өткізіліп, аула аумағында балалар алаңының ашылуы тойланды. Үйде 53 жыл тұратын Людмила Бабина әкімдікке өзінің қуанышын білдірді.

Барлық тұрғындардың атынан үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгін біздің ауламызда үлкен мереке. Өмірдеге жасалып жатқан жақсылыққа қашан болса да қуану керек,– деді әйел.


Тұрғындар балалар алаңын орнату үшін өтінішті былтыр жіберген болатын. Биыл өтініштері қаралып, төрт ай ішінде жүзеге асты.

Фото: Айбек Жұмат