Павлодарда жылыту маусымына толық дайын үйлердің саны артты
Мұндай үйлердің саны 150-ге жуық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қалалық тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі Instagram әлеуметтік желісінде жылыту маусымына дайын үйлердің тізімін жариялады.
– 2023-2024 жылыту маусымына 100% дайын үйлердің саны – 141. Бұған дейін 8 маусым күні жылыту маусымына дайын үйлердің саны 98 болған, яғни 44-ке ұлғайған, – деп жазылған хабарламада.
12 маусым күні бөлім орынбасары қалалық мәслихат депутатымен бірлесіп, Геринг көшесіндегі №76/1 тұрғын үйді алдағы 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығын тексерген. Тексеру барысында жылу жабдықтары қанағаттанарлықсыз жағдайда екені анықталып, иелеріне жөндеу жұмыстарына мақсатты түрде қаражат жинауды жүргізу ұсынылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.