Павлодар облысының тұрғындарын алыс сапарға шықпауды сұрайды
Ауа райы күрт суытады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының мәліметінше, 24–25 ақпанда өңірде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Күндіз 24–26 градусқа дейін аяз, түнде 35–37 градусқа дейін аяз болады.
Осыған байланысты мамандар өңір тұрғындарын алыс сапарларға шығудан бас тартуды сұрайды. Сонымен қатар, облыстың автомобиль жолдарында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілуі мүмкін.