Павлодарда кейбір үйлерде су қысымы уақытша төмендейді

Тұрғындардан қажетті көлемде су жинап алу сұралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қазан күні сағат 9:00-ден бастап 8 қазан күні сағат 5:00-ге дейін Малайсары батыр көшесі, 37 мекенжайында жапқыш арматураны ауыстыру және су құбырына техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Осы жұмыстарға байланысты төменде көрсетілген аумақтарда су қысымы төмендейді:
- Нұрмағамбетов – Малайсары батыр – Вс. Иванов – Минин көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер;
- Щедрин көшесі, 60, 63;
- Российская көшесі, 57/3;
- Украинская көшесі, 38/2.