Павлодарда кейбір әлеуметтік нысандарда жарық болмайды

Павлодарда кейбір әлеуметтік нысандарда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Кривенко көшесі, 45, 47 – «Гранд Вояж Тур» туристік агенттігі;
  • Ак. Бектұров көшесі, 97 – №1 балалар мен жасөспірімдер спорт кешені;
  • М. Жүсіп көшесі, 80 – «Melange» банкеттік залы, 84;
  • Қайырбаев – Желтоқсан – Кривенко – Ак. Бектұров көшелерінің алаңындағы жеке тұрғын үйлер;
  • Қамзин көшесі, 80 – «Гастроном» дүкені, 80/1 – №111 бөбекжай-бақша, 82, 82/2 – «Pegas» №2 жанармай бекеті, 90 – Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;
  • Толстой көшесі, 98 – облыстық Экономикалық тергеу департаменті.

Сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін:

  • Алматы көшесі, 20;
  • Ж. Аймауытов көшесі, 35, 37;
  • С. Нұрмағамбетов – Рижская – Ж. Аймауытов – Смоленская көшелері алаңындағы жеке тұрғын үйлер.