«Saryarqa samaly» газетінің жаңа санында: Жаза білгеннің бәрі журналист емес. Ұстаздан ұят кетсе...

«Saryarqa samaly» газетінің  жаңа санында: Жаза білгеннің бәрі журналист емес.  Ұстаздан ұят кетсе...

Елімізде кәсіптік білім беруге ерекше мән берілуде. Облысымыздың арнайы оқу орындарының озық тәжірибесі өзгелерге үлгі. Газетіміздің кезекті нөмірінен еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастарды жинап, сапалы білім беріп отырған оқу орны туралы оқи аласыздар.  

Санаулы күннен кейін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Мерекеге арналған материалдардың алғашқы легі де осы нөмірде ұсынылып отыр. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар ҚР Құрметті журналисі, «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» атағының иегері, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, газетіміздің ардагер редакторы Омаров Мұхит Мүрсәліұлының сүбелі сұхбатын оқи аласыздар.

Екібастұз қаласына қарасты мектептердің бірінде жұмыс істейтін мұғалімнің оқушы қызға қатысты бейәдеп әрекеті көрсетіп, бұл жайт жұртқа жаға ұстатты. Өкінішке қарай, соңғы уақытта мұғалім мәртебесі көтеріліп, жалақысы көбейіп, сый-құрметке бөленген сайын кейбіреуінің осындай жиіркенішті әрекеттерге баруы бүкіл ұстаз атаулының атына кір келтіріп, бетіне қара таңба басқандай әсер қалдырды. Бұған қатысты сіз не айтасыз, оқырман? 

Өңірде әлі күнге дейін Ертістен су ішіп, амалдап отырған ауылдағы ағайын бар. Шағын елді мекендердің тұрғындарының жағдайына жергілікті билік назар аударып отыр ма? Тұрғындар сапалы ауызсуға қашан және қалай қол жеткізеді? Ертеңгі нөмірден біле аласыздар. 

Құрбан айттың қарсаңында қойдың бағасы тағы өсті. Биыл құрбандыққа шалынатын малды қаншаға сатып алуға болады? Басқа облыстармен салыстырғанда біздің өңірдегі баға қандай? Бұл туралы бейсенбілік нөмірде жарияланады. 

Құрметті оқырман қауым, 25 маусымда алдағы жартыжылдыққа газетке жазылу науқаны аяқталатынын естеріңізге саламыз. Сондықтан сүйікті газетіңізге жазылуға үлгеріп қалыңыздар!