Павлодарда №57 автобус бағыты уақытша өзгереді
Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің мәліметінше, 29 шілде күні Мақатаев көшесінің Баймолдин көшесінен ҚазПравда көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Осыған байланысты №57 автобус бағытының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізіледі.
Кенжетаев көшесімен солтүстіктен оңтүстікке қарай қатынайтын автобустар жөндеу учаскесін Кенжетаев көшесі – Жаяу Мұса көшесі – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы арқылы айналып өтіп, әрі қарай белгіленген бағытымен жүреді.
Дәл осындай өзгеріс кері бағыттағы қозғалысқа да қолданылады.