Павлодарда бірқатар көшелерде қозғалыс уақытша шектеледі

Осыған байланысты маршрутты алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
17 маусым күні жөндеу жұмыстарына байланысты сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Олжабай батыр көшесінің Баян батыр көшесінен (Химқалашық айналма жолы) бастап Мәшһүр Жүсіп көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.