Павлодарда мектеп асханасының тамағынан құрт шықты
Тексеріс нәтижесінде пісірілген ботқаның жармасы бұзылмағаны анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желіде М.Әуезов атындағы орта білім мектебінің асханасында берілген ботқа мен котлеттың ішінде құрты бар фото таралып кетті. Оны оқушы өзінің анасына жіберген болатын.
– Ботқаның ішінде тірі жеміс құрт табылды. Әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеріске шыққан болатын. Оның қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың бұзылмағаны анықталды. Пісірілген ботқа да жаңадан пісірілген еді, – деп жауап берді М.Әуезов атындағы орта білім мектебінде.
Бұл жағдайды облыстық білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды. Сондай-ақ, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолдайтын болады.
Фото: vseobovsem_pvl