Павлодарда облыстық Махамбет оқуларының жеңімпаздары анықталды

Павлодарда облыстық Махамбет оқуларының жеңімпаздары анықталды
Фото: қалалық білім бөлімінен

Сайысқа өңірдің 65 оқушысы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Махамбет оқуларының қорытындысын шығарды. Қалалардың, аудандардың жалпы білім беретін мектептерінің, облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің 65 оқушысы, қалалық, аудандық оқулардың жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының мектептерінің бес оқушысы қатысты. 

Оқу қорытындысы бойынша төрт павлодарлық оқушы төрт номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.  «Шашақты найза, шалқар күй» номинациясы бойынша ІІ орынды ақынның күйлерін орындағаны үшін Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Жансая Кеңес, «Тартынбай сөйле расылмын» номинациясы бойынша өз өлеңдерін жатқа оқыған А. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Сана Жылқайдарова, «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелденмен өткен ер» номинация бойынша «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыптарындағы шығармашылық жұмыстарды қорғағаны үшін М. Жүсіп атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Медея Қанапина иеленді.

Үшінші орынды «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын мәнерлеп оқу мен орындауды Кенжекөл мектебінің 11-сынып оқушысы Камила  Шариаздан иеленді.

Жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының дипломдарымен марапатталды.