«Екі жұлдыз»: Павлодарда ерекше балалар өнерлерін көрсетеді
Байқауға арнайы мектептердің, мектеп-интернаттардың 78 оқушысы қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шығармашылық бәйге М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында Павлодар облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.
Оған 4 номинация бойынша 8 жастан 16 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысады. Барлық қатысушылар өздерінің жетекшілерімен вокал, хореография, аспаптық орындау, театралдық қойылым бағыттары бойынша қатысады.
«Екі жұлдыз» жобасы – бұл баланың жеке басын өзін-өзі дамыту, оны тұрақты түрде қазақстандық қоғамға жұмылдыру себебімен бірлескен қоғамдық жемісті жұмыс. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар шығармашылықта, музыкада және өнерде қабілеттерін көрсетуге айтарлықтай мүмкіндік алады.
Айта кетейік, байқаудың қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар, сертификаттар және естелік сыйлықтар табыс етіледі.