Аққулыда пробациядан қашқан тұрғын екі жарым жылға колонияға қамалды
Ауыл тұрғыны ұрлық жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам Аққулы ауданы пробация бақылау қызметінен қашып кеткен. 2023 жылдың қыркүйегінде 48 жастағы тұрғынның бас бостандығына екі жыл, алты айға шектеу қойылған. Сотта ер адам Аққулы ауылында тұратынын айтып, соттан бас бостандығынан айырмауды өтінген.
– Ауыл тұрғыны өзіне қатысты үкім енгізілгеннен кейін пробация мекемесіне келмеді, есепке тұрмады. Осыдан кейін бастапқы іздеу шаралары басталды, алайда іздеу жұмыстары нәтижесіз болды. Сотқа ер адамды іздеу туралы хабарландыру жіберілді, – дейді Аққулы ауданы пробация қызметінің бастығы Дастан Қилыбаев.
Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылдың желтоқсанында сот іздестіру айыптауын жариялау туралы қаулы шығарған. Ал қаңтар айының соңында полиция департаменті жедел-криминалистикалық бөлімше қызметкерлері ер адамды ұстап, тергеу изоляторына орналастырған.
Сот шешімімен ер адам екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сот қаулысы заңды күшіне енді. Сотталған адам орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге жіберіледі.