Павлодарлық палуан қыздар қоржынға күміс салды

Павлодарлық палуан қыздар қоржынға күміс салды
Фото: Ұлттық спорт бөлімі

Ақтау қаласы «Халық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында республика чемпионаты өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қайырбаев атындағы спорттың ұлттық түрлері бойынша спорт клубының мәліметінше, жарысқа еліміздің барлық облыстарынан 500-ге жуық спортшы жиналды. Бұл жарыста жерлестеріміз облыс қоржынын үш қола жүлдемен толықтырды. Жүлдегерлердің екеуі – қыз. 

Ерлер арасында жерлесіміз Мұхтар Далелханұлы +100 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынады. Ол екі қарсыласына есе жіберіп, қола жүлдені иеленді. Ал Алтынай Нұрханова 56 келі салмақ дәрежесінде және Мөлдір Әдепбай 65 келі салмақ дәрежесінде жүлделі үшінші орын иегерлері атанды. 

Еске сала кетейік, Мұхтар Дәлелхан «Қазақстан барысы» жобасына қатысып, жүлделі үшінші орынға табан тіреген. Оған бұл жеңісі үшін әкімдік жаңа автокөлік сыйға тартқан болатын.