Павлодарлық акробаттар ел кубогында топ жарды

Павлодарлық акробаттар ел кубогында топ жарды

Спортшылар күрделі жаттығулар көрсетіп, күміске қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қарағанды қаласында спорттық акробатикадан ересектер арасында ҚР кубогының жарысы өтті. Жарысқа Алматы, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Екібастұз және еліміздің басқа қалаларынан келген 10 мықты аралас акробатикалық топ күрделі акробатикалық жаттығуларды орындаудан үздік атағын сарапқа салды. Олардың ішінен Марғұлан университетінің өнер және спорт жоғары мектебінің ДШжС-34 тобының студенті Руслан Әубәкіров және мектеп оқушысы Злата Богунова аралас жұптар арасында тепе-теңдік сақтау жаттығуынан күміс жүлдегер атанды. 

Спорттық дуэттің жаттықтырушысы – спорттық акробатика бойынша біліктілігі жоғары деңгейдегі оқытушы Светлана Аубакирова.

Ауқымды жарыстың ұйымдастырушысы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті.