Павлодарда республикалық айтыс өтеді

Павлодарда республикалық айтыс өтеді
Фото Константин Шелков

Жыр додасы Май ауданында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы – Павлодар облыстық филиалы мәлімдеді. 

- Май ауданында өтетін айтулы шараға павлодарлық сөз шеберлерінен бөлек, елімізге танымал айтыскерлер де қатысады. ----- Айтыс Шахан Мусиннің 110 жылдығы мен Мұқсихан Заитовтың 95 жылдығына орай өтеді, - делінген хабарламада.

Май елінің даласын қара сөзбен көмкеріп, тыңдарманына жырдан шапан жабатын ақындар қатарында Аспанбек Шұғатаев, Қуаныш Шарманов, Абзал Қабдыраш, Оразбек Саяхат, Рауан Қайдар, Мәрес Байрон, Бөкен Жігер, Ерлан Аманқожа, Дидар Қамиев және Айым Асылбекқызы бар.

Айта кетелік, айтыс 19 қазан күні сағат 11:00-де Май ауданы мәдениет ойын-сауық орталығында өтеді.