Павлодарлық спортшылардың қысқы Олимпиададағы қатысу кестесі жарияланды
Төрт жылдықтың басты жарысында үш павлодарлық спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ХХV қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында 7-22 ақпан аралығында өтуде.
Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, павлодарлықтар 7 және 22 ақпан аралығында өнер көрсетеді.
10 ақпан, сағ. 13:15. Шаңғы жарыстары. Спринт. Әйелдер арасында - Дарья Ряжко.
12 ақпан, сағ. 17:00. Шаңғы жарыстары. 10 шақырым. Әйелдер арасында - Дарья Ряжко.
14 ақпан, сағ. 16:00. Шаңғы жарыстары. Командалық эстафета 4х7,5 шақырым. Әйелдер арасында - Дарья Ряжко.
Сағ. 20:00. Конькимен жүгіру спорты. Командылақ жарыс: 2400 м алты айналым. Әйелдер арасында - Арина Ильященко.
17 ақпан, сағ. 15:15. Фристайл. Акробатика. Ерлер арасында – Роман Иванов.
Сағ. 18:52. Конькимен жүгіру спорты. Командылақ жарыс: 2400 м алты айналым. Әйелдер арасында (финал) - Арина Ильященко.
18 ақпан, сағ. 13:45. Шаңғы жарыстары. Комадалық спринт, әйелдер арасында - Дарья Ряжко.
19 ақпан, сағ. 15:30. Фристайл. Акробатика. Ерлер арасында (финал) – Роман Иванов.
22 ақпан, сағ. 14:00. Шаңғы жарыстары. Масс-старт 30 шақырым. Әйелдер арасында - Дарья Ряжко.