Павлодарда Наурыз мейрамын тойлауға 35 мыңға жуық адам жиналды

Павлодарда Наурыз мейрамын тойлауға  35 мыңға жуық адам жиналды

Облыста Наурыз сән-салтанатымен аталып өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Мерекені асыға күткен павлодарлықтар Наурыз мейрамын үлкен қуанышпен тойлады. Балалар пониға мініп, алып қуыршақтармен суретке түсті, ашық аспан астында бауырсақ пен палаудан дәм татты.

Ерлер арасында ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған жарыстар көптің назарын бей-жай қалдырмады. «Қошқар көтеру» байқауы көрермендердің де, қатысушылардың да үлкен қызығушылығын тудырды.

- Мен күнделікті жаттығу жасамаймын, өзімді сынап көргім келді. Үш минут берілді – кім көп көтерсе, сол жеңді. Мұнда 59 рет көтерген адамдар бар, бірақ  жеңу үшін 70-тен асыру керек. Өзім елу келі қошқарды 35 рет көтердім, – Аққулы ауданының  тұрғыны Бейжан Қаңтарбек.

Орталық жағалаудың барлық баспалдақтары мерекелік концерттің тыңдармандарына толы болды, дегенмен тақырыптық киіз үйлер әртістердің өнерінен кем түспеді. Олар киіз үйде суретке түсіп, селфи жасап, картиналар фонында, ұлттық тұрмыстық бұйымдар, ұлттық киім киген қыздармен, апалармен суретке түсті. Киіз үйлерді Павлодар облысының басшысы Асайын Байханов та аралады.

–  Киіз үйіміз «Саяхат галереясы» деп аталады, мұнда Павлодар, Баянауыл, Түркістан, Астана, Алматы қалаларын салған павлодарлық суретшілердің жұмыстары қойылған. Сонымен қатар қыш ыдыстарды да көруге болады, - деп түсіндірді облыстық өнер мұражайы басшысының орынбасары Ольга Пашко. – Адам саны көп болды, бәрі риза, бәріне ұнады.

Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың меңгерушісі Шолпан Шаяхметованың айтуынша, қала тұрғындары көрмелік киіз үйлерді аралап, рухани азық алды. Кітапхана киіз үйінің экспозициясы Наурыз мерекесіне арналды.  Наурыз ұлттық мереке ретінде тоқсаныншы жылдардың басында қайта жаңғырды.

– Сондықтан Наурыз - Қазақстан үшін табиғаттың жаңаруы ғана емес, сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлердің жаңғыруы. Өйткені мерекенің тарихын зерделей отырып, халық осы жолда қазір барлық жерде қолданылып жүрген қазақтың салт-дәстүрлерін  зерделеді, – деді спикер.

Еске салайық, бүгінде облыс орталығында 16 орында, Жаңаауыл шағын аудандарында, Теміржол кентінде және қала маңындағы бес ауылында жалпы 36 киіз үй тігілді. 60 қазан палау, 250 келі тәтті, 450 келі бауырсақ, 900 литр наурыз көже, 700 литр шай таратылды.