Павлодарда жағажайды ластаған тұрғынға айыппұл салынды
Әлеуметтік желі қолданушысы жағажайдың жағдайын видеоға түсіріп жариялаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Видеоның авторы демалушылардан кейін қоқыс шығарылмайтындығына шағымданған.
Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында сол күні видеода түсірілген ақпараттың расталғанын хабарлады.
– Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Ерекше қорғалатын аумақ – Ертіс жайылмасы тұрмыстық қалдықтармен ластанған. Сол күні тексеріс жүргізілді, – дейді инспекцияда.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 372-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және келтірілген залалды өтеу туралы талап қойылды. Сондай-ақ бұзушылықты үш күн мерзімде жою жөнінде міндетті нұсқама берілді.
Іс инспекцияның бақылауына алынды.
Айта кетейік, осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған іс-әрекеттер үшін жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram