Кондиционерлер мен салқын су: Павлодарда оқушылар ыстықта қалай емтихан тапсырады?
Емтихан бірнеше сағатқа созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Павлодар қаласының барлық 43 мектебінде алты мыңнан астам оқушы 8 маусым күні емтихан тапсырады. Оның ішінде 1467 шәкірт – он бірінші сыныптың түлектері.
Қалада ауа температурасы 39 градусқа дейін көтерілді. Облыстық білім беру басқармасында мектептерде балаларға барынша қолайлы жағдай жасалғанын айтады. Үй-жайларда желдеткіштер орнатылып, емтихандар демалыс аймақтарына немесе кондиционері бар мәжіліс залдарына ауыстырылған.
Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте 48 он бірінші сынып оқушысы математика пәнінен емтихан тапсырады. Үш оқушы – «Алтын белгіге», тағы біреуі – үздік аттестатқа үміткер.
Мектеп директоры Татьяна Мигунованың айтуынша, мектепте ауа райына байланысты қолайлы жағдай жасалған.
– Емтихан тапсыру кабинеттерде жоспарлаған, бірақ күн ыстық болған соң дәлізге көлеңкелі жаққа ауыстырдық, – дейді директор. – Желдеткіштер, салқындатылған су қойылды. Егер балалар тамақ ішкісі келсе, тоқаш немесе басқа да дәм бөлек үстелдерде дайындалған.
Емтихан, сағат 10-дан 15:00-ге дейін бес сағатқа созылады. Оған мектеп басшылығы, мұғалімдер, ассистенттер, кезекші дәрігер қатысады.
Алда тағы екі емтихан бар: мемлекеттік тіл және таңдау бойынша бір пән. Ол кезде де оқушыларға барлық жағдай жасалады.