Екібастұздағы жалғыз бассейнге арнайы жабдық орнатылады
Облыс әкімі Асайын Байханов кеншілер қаласында бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мұндай нысандардың бірі – 3000-ға жуық бала спорттың 11 түрімен шұғылданатын «Жасыбай» спорт кешені. Мұнда қаладағы жалғыз бассейн орналасқан.
– Спорт басқармасы мен қала әкімдігі республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүрген көптеген жас спортшылар тәрбиеленетін жерге ерекше назар аударуы керек, – деп жазды облыс әкімі Іnstagram парақшасында.
Аймақ басшысы жыл сайынғы гидравликалық сынақтар мен желілерді мәжбүрлі жөндеу кезінде жаттығу процесін тоқтатпау үшін бассейндегі суды жылытуға арналған арнайы жабдық орнатуды тапсырып, құрал-жабдықтарды жаңарту қажет екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, тарихы 70 жылға жуықтайтын №2 мектепке барды. Оқу орны жөндеуді қажет ететін Мәшһүр Жүсіп көшесі бойындағы ғимаратта орналасқан. Бұл жерде жылыту және сумен жабдықтау жүйелері жаңартылған. Облыс әкімі келесі жылы электр сымдарын жаңартып, терезелерді ауыстыруды, содан кейін жаңа шатыр мен қасбетін жаңартуға кірісуді тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram