Павлодарда тұншыққан екі жасар баланың жағдайы белгілі болды
Бала инфекциялық стационарға ауыстырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
29 желтоқсанда облыстық балалар ауруханаға көгерген, тұншығып жатқан екі жасар бала хирургиялық корпустың қабылдау бөліміне жеткізілген болатын. Бүгінде дәрігерлер оның жағдайын айтып берді.
– Бала ауыр жағдайда болғандықтан, ол нестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне шұғыл түрде жатқызылды, – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінде. – Балада мидың ісінуі және конвульсиялық синдром болды.
Дәрігерлердің айтуынша, бала невропатолог пен нейрохирург дәрігерлерінің есебінде тұрады. Өткен жылы ол жол-көлік оқиғасында ашық ми жарақатын алған.
Жұқпалы аурулар дәрігері ауруханада жатқан науқаста ЖРВИ белгілерін анықтады. Бүгінде баланың жағдайы тұрақты, ол инфекциялық ауруханаға ауыстырылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін облыстық полиция департаменті полицейлердің баланы қалай құтқарып қалғаны туралы хабарланған болатын.