«Экибастузтеплоэнерго» ақаулы өлшегіш құралдарды пайдаланған
Соның салдарынан кәсіпорын жұмыскерлері қате мәліметтер алған болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың алғашқы отырысында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев қауіпсіздік және сапаны күшейтетін бірнеше саланы атап өтті.
- Былтырғы қараша айындағы оқиға техникалық реттеу және метрология саласына да әсерін тигізбей қоймады. «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС өткізілген тексеріс нәтижесінде ақаулы 463 өлшегіш құрал және тексеру мерзімі өткен 23 құрал анықталды. Яғни аталмыш нысанның жұмысына тікелей әсері бар 500 өлшегіш құрал ақаулы болған, - деді Қуаныш Елікбаев.
Сонымен қатар, ол аттракциондар мен балалар алаңдарына бақылауды күшейтудің маңыздылығына тоқталды. Бұл мәселеге әкімдіктер жауапты болып бекітілді. Ендігі кезде олар бұл іске мығым болуы шарт.
Айта кетейік, техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штаб осы мәселелерді шешуге ашылған.
Фото: Константин Шелков